$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сүйіктісін пышақтап өлтіріп, мәйітін зорлаған: Шымкентте адам шошырлық қылмысқа қатысты сот үкімі шықты

ЖОО-ның бірінші курс студентін айуандықпен өлтірген

Сүйіктісін пышақтап өлтіріп, мәйітін зорлаған: Шымкентте адам шошырлық қылмысқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 17 жастағы студент қызды айуандықпен өлтірген 20 жастағы жігіт 22 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды. Оның сыбайласы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Hronika.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Тергеу мен сот процесі аяқталып, қанды қылмыс жасаған азамат пен оның сыбайласы жазаларын алды.

17 жастағы студент қыздың жоғалуы

Биыл 12 наурыз күні полицияға 17 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Қыздың ата-анасының айтуынша, ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде 1-курс студенті болған. Сабақтан кейін әкесі өтініш етіп, дүкеннен ет алып келуін сұраған. Қызы телефон арқылы ет сатып алғанын хабарлаған соң, байланыс үзіліп кеткен.

Ата-анасы қыздары Нұрсұлтан есімді 2005 жылы туған жігітпен бірге болуы мүмкін деп болжаған. Алайда Нұрсұлтан ол қызбен қатынасы үзілгенін, соңғы рет бір апта бұрын ғана сөйлескенін айтқан. Осыдан кейін ата-анасы өз бетімен іздеу жүргізіп, қызы болуы тиіс дүкенге барған. Бейнебақылау жазбаларын қараған кезде қыздың дүкенге кіргенін, тіпті онымен бірге Нұрсұлтанның да болғанын көрген.

Қыздың мәйіті қала шетінен табылды

Полиция Нұрсұлтаннан қайта жауап алғанмен, ол бәрін жоққа шығарған. Өкініштісі сол, келесі күні қыздың мәйіті қала шетіндегі елсіз жерде табылды. денесінде көптеген пышақ жарақаты болған. Денесі толықтай шешіндірілген әрі зорлық белгілері анықталған.

Ауыр қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдік тағы да Нұрсұлтанға түсті.

Қанды қылмыстың қалай жасалғаны анықталды

Тергеу барысында Нұрсұлтан бәріне толық мойындады. Белгілі болғандай, ол марқұммен өткен жылы танысып, екеуінің арасында қарым-қатынас орнаған. Бірақ жиі ұрысып, қайта табысып жүрген.

12 наурызда Нұрсұлтан көлік жалдап, қызды университеттен алып кетіп, кешке дейін қалада бірге жүрген. Кейін қаладан тыс жерге шығып, қызға көлік жүргізуді үйретпек болған. Сол жерде екеуі қайта ұрысып, қыз жігітке «енді ешқашан хабарласпаймын» деп айтқан. Нұрсұлтан ашуға беріліп, қалтасындағы пышағын алып, бірнеше рет сұғып алған.

Жансыз қызды толықтай шешіндіріп, айуандық ойын жасаған. Ал болған жайтты телефонына түсіріп алыпты.

Сыбайласын шақырып, мәйітті жасырған

Қылмыстан кейін Нұрсұлтан 2007 жылы туған досы Ерланды шақырған. Оған «бір нәрсе тасу керек» деп айтып, сөмкелер мен қаптар әкелуін сұраған. Кейін екеуі бірге мәйітті сөмкелерге салып, көлікке тиеп, далаға апарып тастаған.

Қыздың ата-анасы мен полиция іздестіре бастаған уақытта Нұрсұлтан киімін ауыстырып, Ерланнан таза киім алып киген. Тіпті, қылмыстың видеосын досының телефонына жіберіп, өз құрылғысынан өшіріп тастаған.

Сот үкімі: 22 жыл қатаң режимдегі колония

Тергеу қорытындысы бойынша Нұрсұлтанға кісі өлтіру және мәйітті қорлау баптары (ҚР ҚК 99-бап, 2-бөлік, 14-тармақ; 314-бап, 1-бөлік) бойынша айып тағылды. Ал Ерлан аса ауыр қылмысты жасыру (ҚР ҚК 432-бап) бойынша жауапқа тартылды.

Мамандандырылған сот Нұрсұлтанды кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның сыбайласы Ерланға 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Бұдан бөлек, сот шешімімен басты айыпталушы жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары