Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Автор: Асыл Арман

Ол әлем чемпионатында үш тәсілдің қорытындысы бойынша 567 кило көтерді

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлемнің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз әлем чемпионатында 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша 567 кило көтеріп, әлем чемпионы атанды.

«Өзінің спорттық карьерасында Давид Дегтярев пара пауэрлифтинг бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанып, Қазақстандағы паралимпиялық спорттың дамуына зор үлес қосты. Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Николаевич Колесников дайындаған», – деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Давид Дегтярев – пауэрлифтинг спортшысы, «Барыс» І дәрежелі орденінің иегері. Ол 2024 жылы Паралимпиялық ойындарда ең үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін паралимпиялық чемпион атанды.