$ 537.84  626.85  6.79
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да жүргізуші рульде отырып көз жұмды: көлік жол жиегіне шығып кетті

Қайғылы оқиға Өскемен-Алматы тасжолында болды

ШҚО-да жүргізуші рульде отырып көз жұмды: көлік жол жиегіне шығып кетті
Фото: instagram.com/osa_uka_vko/Видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік жүргізушісінің жол үстінде жағдайы нашарлап, рульде отырған күйінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат пен видео жергілікті әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. Оқиға 13 қазанда Өскемен-Алматы тасжолының 13-шақырымында болған. Көлік рулінде отырған ер адамның жағдайы күрт нашарлап, автомобиль жол жиегіне шығып кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, ер адам рөлде отырған сәтте қайтыс болған. Куәгерлер оны көліктен шығарып алған кезде ес-түссіз жатқан», – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары