$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада әйел адам үйінде есірткі сақтаймын деп 7 жылға сотталды

Полиция оның үйінен 20 түйіншек психотроптық зат тапты

Астанада әйел адам үйінде есірткі сақтаймын деп 7 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада жергілікті тұрғынға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және сатпақ болғаны үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, әйел адам әлеуметтік желі арқылы белгісіз тұлғамен алдын ала сөз байласқан. Күдікті өз үйінде сату мақсатында жалпы салмағы 8,17 грамм болатын α-PVP психотроптық заты бар 20 түйіндемесақтаған.

«Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтары, ұялы телефондағы хат алмасулар, сараптама қорытындылары және тінту сәті түсірілген бейнематериалдар арқылы дәлелденді», — делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес, мұндай қылмыс үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Сот астаналық әйелді кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары