Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды
«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Әбутәліп Мүтәлі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.