Оқиға Тәуелсіздік даңғылында болды
Астананың қақ ортасында жүк көлігі қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Тәуелсіздік көшесінде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жалынды санаулы минуттар ішінде толық сөндірген.
«Кәсіби өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын қысқа уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасады: егер алғашқы минуттарда көліктегі өртті өз күшімен сөндіру мүмкін болмаса, дереу қауіпсіз қашықтыққа кету керек, себебі жанармай багының жарылу қаупі жоғары.