14.10.2025, 23:34
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі көлік жүретін жол ашу үшін 27 жер телімін мәжбүрлі түрде алатын болды
Меншік иелері өтемақы төленетіні айтылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігінің шешімі бойынша, Медеу және Түрксіб аудандарында 27 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігі Қайрат шағын ауданынан Талғар жолына дейінгі учаскеде Хмельницкий көшесін ашу үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алу жұмысын бастауға тапсырма берді.
- Мәжбүрлі жер алу ісі 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.
- Жер қатынастары басқармасына меншік иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу міндеті жүктелді.
- Жер учаскелері немесе басқа жылжымайтын мүлік алынған соң олар «Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасына» беріледі.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл шара қаладағы көлік инфрақұрылымын дамытуға, жаңа көшелерді ашуға және транзитті жолдарды жеңілдетуге бағытталған. Меншік иелеріне өтемақы төленетіні әрі ол заң аясында жүргізілетіні айтылды.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды
14.07.2026, 15:50
«Күйеуіне ренжіп қалған»: Түркістан облысында жеті күн бұрын жоғалып кеткен әйел мен балалары табылды
14.07.2026, 09:48
Түркістан облысында көпбалалы ана төрт баласымен бірге жоғалып кетті