Осыған дейін Талғар прокуроры қызметін Ерлан Тағаев атқарған
Талғар қаласында бір жыл өтпей жатып, тағы да прокурор ауысты. Бұл лауазымға Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жайнарбек Мыңбаев осы уақытқа дейін Талғар прокуроры қызметін атқарған Ерлан Тағаевтың орнын басты. Тағаев бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.
Жайнарбек Мыңбаев 2012 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеген. Кейін облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасында прокурор және аға прокурор қызметтерін атқарды.