Қазақстанда радио мен телеарналардың жұмысы уақытша тоқтайды

Автор: Бақыт Шынар

Үзіліс 16 қазанға жоспарланған

Фото: istockphoto.com

2025 жылдың 16 қазаны күні түнгі сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Қазақстанда радио мен телеарналардың жұмысында үзіліс орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазтелерадио» компаниясының мәліметіне сүйенсек, осы аралықта жоспарлы профилактика өтеді.

«2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсерік, цифрлы және баламалы эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактика өтеді. Осы кезде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтайды», - деп хабарлайды дереккөз.

Компания тоқсан сайын осындай профилактика өткізіп отырады.