14.10.2025, 16:30
Жаңалықтар
Қазақстанда доллардың орташа бағамы 538,63 теңгеге жетті
Доллар бағамы аздап өсті
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) 14 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,63 теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен сауда күнімен салыстырғанда 0,92 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк пен айырбастау пункттеріндегі бағам
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми дерегінше, 14 қазанға арналған доллардың ресми бағамы – 537,77 теңге.
Ал Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша:
- Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 540,02 теңгеден сатып алып, 542,28 теңгеден сатады;
- Астанада сатып алу бағамы 538,51 теңге, сату бағамы 544,54 теңге деңгейінде.
Соңғы апталардағы бағам динамикасы
Қазан айының басынан бері доллар бағамы айтарлықтай ауытқуларға ұшырады:
- 6 қазанда – 1,79 теңгеге төмендеді;
- 7 қазанда – 3,63 теңгеге төмендеді;
- 8 қазанда – 1,39 теңгеге төмендеді;
- 9 қазанда – 1,46 теңгеге өсті;
- 10 қазанда – 2,45 теңгеге төмендеді;
- 13 қазанда – 1,16 теңгеге төмендеді.
Көп оқылған
27.02.2026, 13:40
Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
27.02.2026, 06:10
Щучинскідегі кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды
27.02.2026, 11:00
Қол-аяғы көгеріп, әбден қиналған: Дубайда жарысқа қатысқан қазақ қызы қандай қиындықтан өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған