$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан 23 адамға үкім шықты

Олардың ішінде екі адам 19 жылға сотталды

Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан 23 адамға үкім шықты
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кірген 23 айыпталушыға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында бұл топтың есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз өсіру және сатумен айналысқан тұрақты қылмыстық ұйым ретінде құрылғаны анықталып, сотта дәлелденді.

Сонымен қатар, қылмыстық топты жасырып жүрген лауазымды тұлғаның қатысы бар екені анықталды, ал қалған қатысушылар есірткі заттарын тасымалдауға, сақтауға және оларды өсіруге жағдай жасауға көмектескен.

Қылмыстық іс бойынша фигуранттарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 251, 262, 297, 300, 367, 407 және 434-баптары бойынша айып тағылды.

Қылмыстық топтың барлық мүшелері тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Олардың ішінде 2-і айыпталушыға ең жоғары жаза – 19 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Қалған 18 айыпталушыға 4 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, 2 айыпталушыға бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, 1 айыпталушының ісі рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары