$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысының прокуратурасы 150-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғаған

Мемлекеттік кірістер басқармасына айыппұл салынған 

Жетісу облысының прокуратурасы 150-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғаған
Фото: freepik.com

Прокуратураның мәліметінше, кейбір коммуналдық кәсіпорындар кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстардың ақысын уақытында төлемеген. Осылайша, кәсіпкерлер алдындағы жалпы берешек сомасы 50 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстың прокуратурасына сілтеме жасай отырып. 

Қадағалау шараларының нәтижесінде бұл қарыз толығымен өтеліп, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ аудандық мемлекеттік кірістер органдары тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері анықталды. Атап айтқанда, үш кәсіпкер салық есептілігін кеш тапсырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған. Тексеру барысында бұл істерде заңда белгіленген мерзімдердің өтіп кеткені белгілі болды.

Прокурордың наразылығынан кейін аталған әкімшілік қаулылар жойылып, екі лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 196 мың теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары