$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасанды интеллект білім саласында үнемі жасалатын қылмыстың алдын алған

Осылайша, бюджет қыруар ақшаны үнемдеген 

Жасанды интеллект білім саласында үнемі жасалатын қылмыстың алдын алған
Фото: freepik.com/ЖИ арқылы жасалды

Қаржы министрі Мәди Тәкиев үкімет отырысында жасанды интеллекті артық шығынды басқаруға мүмкіндік бергенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Цифрлық трансформация аясында бюджеттік онлайн мониторинг енгізілді, ол бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған.Қазіргі уақытта, білім беру саласының өзінде, қаражатты жұмсау кезіндегі заң бұзуды алдын алу және тәуекелдерді анықтауда оң нәтижелер бар», - деді Мәди Тәкиев.  

Министр жасанды интеллект арқылы артық шығынның жолын кесу мүмкін болғанын айтты.

«Жасанды интеллект элементтерін қолдану арқасында тәуекелді төлемдерінің сомасы 2024 жылы 307 млрд теңгеге және 2025 жылы 132 млрд теңгеге анықталды. Мәселен, аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлеріне бір айда 65 млн теңгеге дейін төлем жасалған немесе 10 млн теңгеден астам сыйақы аударылған. Тағы бір мысал, бір шот немесе бір жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, әр түрлі адамдардың аты-жөнімен айына 66 төлем жасалған», - дейді министр.

Сонымен қатар, мониторинг жүйесі тек білім беру саласын ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтып отыр.

«Бұдан басқа, жүргізілген тексерулердің нәтижелері, мемлекеттік қолдау жүйесінің жекелеген қатысушылары бюджет қаражатын мақсатына сай пайдаланбай отырғанын көрсетті», - деді Тәкиев.

Серіктес жаңалықтары