$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жастарға бөлінген 500-ге жуық пәтер заңсыз пайдаланылған

Кейбір азаматтардың басқа баспанасы бар болып шықты

Шымкентте жастарға бөлінген 500-ге жуық пәтер заңсыз пайдаланылған
Фото: istockphoto.com

Шымкентте жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын тексеру барысында ірі заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде жеңілдетілген жалдау шартымен, сатып алу құқығынсыз берілген 500-ге жуық пәтердің заңсыз бөлінгені белгілі болды. Кейбір азаматтардың басқа баспанасы бар болып шықса, енді бірі мемлекет берген пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беріп, пайда тапқан.

Әкімдіктің мәліметінше, белгіленген талаптарды бұзған тұрғындардан пәтерлер қайтарылып, олар қайтадан қаланың коммуналдық меншігіне өтеді. Ал баспананы ерікті түрде босатудан бас тартқандарды сот арқылы шығару көзделген.

«Тұрғын үй саясаты басқармасына тиісті ескерту жасалды. Мәселе бақылауға алынды, мамандар оны шешу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама талаптарын бұзған 439 тұрғынға қатысты сот органдарына пәтерден шығару туралы талап арыздар жолданды. Бүгінгі таңда екі іс бойынша шешім әкімдіктің пайдасына шықты», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек.

Серіктес жаңалықтары