Қазақстанда 14 қазан күні ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК 14 қазанға, яғни сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей аймақтарда 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -14°С дейін төмендеуі мүмкін (әсіресе Павлодар мен Абайда), күндіз 0…6°С аралығында, оңтүстік аймақтарда 10-15°С дейін жылы болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз, ашық болады. Таулы өңірлерде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Алакөл маңында 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 3-12°С жылы, күндіз 16-28°С аралығында жылы болады.

Батыс аймақтарда – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары жаңбырлы болады, кей жерлерде найзағай, тұман байқалады. Желдің бағыты жиі ауысып тұрады, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 5-15°С, күндіз 15-23°С, кей өңірлерде 26°С-қа дейін жылынады.

Астанада күндіз 2-4°С шамасында жылы болады.