Ұлттық банк енді 50 мың доллардан жоғары ақша аударымдары туралы мәліметті салық органдарына береді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ұлттық банк валюталық операциялар туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне береді

Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі енді Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетімен оның аумақтық бөлімшелеріне валюталық операциялар туралы ақпарат беретін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәлімет 50 мың АҚШ долларынан асатын валюталық операцияларға қатысты болады. Бұған тауарсыз мәмілелер, резидент еместердің кірістері, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларының операциялары кіреді.

Жобаның мақсаты

Қаржы министрлігі жариялаған жобалық бұйрық бойынша, жаңа механизм:

  • Капиталдың заңсыз шығарылуын уақтылы анықтауға;
  • Жалған мәмілелердің тәуекелін төмендетуге бағытталған.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 28 қазанға дейін өтеді.