«Есің дұрыс па?»: ШҚО-да қызметкерін боқтаған шенеунікке қандай жаза қолданылды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Шығыс Қазақстан облысында спорт басқармасының басшысына қатаң ескерту жасалды

Фото: t.me/shko_resmi

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Асқар Можановқа қатысты тәртіптік іс қаралғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл шешім этика кеңесінің бүгінгі отырысында қабылданды. Әкімдіктің ресми Telegram-каналындаайтылғандай, этикалық нормаларды бұзу фактісі бойынша қызметкерге қатысты іс қаралған.

Тәртіптік шара – қатаң ескерту

Отырыс нәтижесінде көпшілік дауыс беру арқылы Асқар Можановқа қатаң ескерту түріндегі тәртіптік жазатағайындалды. Әкімге тиісті ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, ол бүгін қызметтегі әріптестерінің алдында өзінің кінәсін тағы да мойындап, кешірім сұрады.

Қызметкердің денсаулығы ескерілді

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, ол мемлекеттік қызметте 18 жылдан астам жұмыс істейді және алғаш рет тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Мас күйінде болуы мүмкін деген пікірлерге байланысты атап өту керек, басқарма басшысының медициналық диагнозы – II деңгейлі қант диабеті, бұл физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін. Қызметкер бұл деректі медициналық комиссияға растайтын құжаттармен ұсынуға дайын екенін мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бұған дейін желіде ШҚО мемлекеттік қызметшілерінің онлайн-қоңырауының даулы жазбасы пайда болған. Онда спорт басқармасының басшысы өз өз сөзінде бірнеше рет боқтық сөздер қолданғанывидеоға түсіп қалған еді.