Газа секторында екі жылға созылған соғыс тоқтады: Трамп ресми түрде растады

Автор: Асыл Арман

Соғыс екі жылдан аса уақытқа созылды

Фото: Дауд Абу Алкас, Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Газадағы соғыстың аяқталғанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Соғыс басталғанына екі жыл толған күні соңғы 20 тірі израильдік тұтқын ХАМАС тарапынан Газадағы тұтқыннан босатылды.

«Иә», – деп жауап берді Ақ үй басшысы Кнессетте сөйлер алдында «Газадағы соғыс аяқталды ма?» деген сұраққа.

Израиль парламентінің құрметті қонақтар кітабына Трамп бұл күнді «үлкен әрі әдемі күн» деп жазды.

«Жаңа бастау», — деп атап өтті ол.

«Соғыс аяқталды» деген мәлімдемесін Трамп Израильге бет алған Air Force One ұшағында жасаған. Сол сәтте ХАМАС босатқан соңғы израильдік тұтқындардың жеткізілуі күтіліп отырған еді.

«Соғыс аяқталды, сіздер мұны білесіздер», — деді ол (The Guardian дәйексөзі).

Трамптың айтуынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі сақталады, ал Газа секторында жақын уақытта «Бейбітшілік тақтасы» құрылмақ. Оның сөзіне сенсек, бұл қадам Таяу Шығыстағы жағдайдың «тұрақтануына» алып келеді.