13.10.2025, 16:27
Жаңалықтар
Ақсуда 291 млн теңге ұрлаған шенеунік небәрі 7 жылға сотталды
Оған қатысты сот үкімі шығарылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Ақсу қаласының мамандандырылған тергеу соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету бойынша қылмыстық іске үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотталушылар қатарында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер отыр. Екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот процесі көрсетілім сипатында өтіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз түрде қол қойылғанын анықтаған болатын.
Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 млн теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды