$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Швейцария парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Тоқаев Швейцария парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында президент Қазақстан Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі саналатын Швейцариямен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанына назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, швейцариялық депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.

Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді», – делінген Ақорда хабарламасында.

«Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары