Жаңа жүйелер 2 қазан күні қолданысқа берілді
Қызылорда облысының Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысында Қазалы ауданының Шилі және Шитүбек ауылдарында 2 қазан күні орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді.
Олардың құрылысы прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.
«Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Есмаханов, аудан прокуроры Д.Әбіш, сонымен қатар қоғам өкілдері қатысты.
Нысандардың іске қосылуы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды және өңірдің әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді», – делінген прокуратура хабарламасында.