БҚО-да 50 млн теңгеден аса ақша ұрлаған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тергеу барысында күдіктінің 12 адамды алдаған белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, жұртты алдаған 34 жастағы бұрынғы банк қызметкері ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ипотека мен автонесиеге көмектесемін деп сендірген

Полицияның мәліметінше, әйел адам тұрғындарға ипотекалық несие алу, тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу мәселесінде көмек көрсетемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген.

Тергеу барысында күдіктінің алаяқтықтың 12 дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 50 млн теңгеден асады.

Жәбірленушілердің басым бөлігі – қаланың жеке кәсіпкерлері.

Ірі эпизод – 23 миллион теңге

Полицияның мәліметінше, кей жағдайларда күдікті азаматтарға автокөлік сатып алуға жәрдемдесемін деп алдап, олардың қаражатын иемденген.

Ең ірі алаяқтық фактілерінің бірі – облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты. Ол әйелге ипотека рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен 23 миллион теңгеден астам қаржы берген.

Тергеу жалғасып жатыр

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға қаржы сеніп тапсырмауға және күмәнді делдалдарға жүгінбеуге шақырды.