Алматыда дүкеннен өрт шығып, жалын қатар тұрған жер үйге де тарап кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ өрт сөндірушілері дүкеннен шыққан өртті сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда дүкеннен өрт шығып, жалын қатар тұрған жер үйге де тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, тілсіз жау Алматы қаласының Васнецов көшесінде орналасқан бір қабатты дүкеннен шыққан.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуына жол берілген жоқ.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.