Олар бірнеше маңызды талапты алға тартқан
Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа еңбекақы мен жұмыс жағдайларын қайта қарау жөнінде ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ұшқыштар өз хаттарында бірнеше маңызды талапты алға тартқан:
Олар қазіргі еңбекақы жүйесі мен жұмыс шарттары нарықтық деңгейге сай келмейтінін, бұл өз кезегінде кадр тапшылығына және саладағы әлеуметтік шиеленіске әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.
ҚР Көлік министрлігі ұшқыштардың өтінішіне назар аударып, Qazaq Air басшылығына бұл мәселені заң аясында қарауды тапсырды.
«Министрлік авиакомпанияға ұшқыштардың өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау туралы тапсырма берді», — делінген ведомство хабарламасында.