Қар мен көктайғақ салдарынан қозғалыс қиындады
Шығыс Қазақстан облысында қысқы дөңгелек орнатпаған көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Бұл шешім өңірде ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шектеу «Өскемен – Тарғын – Самарское» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда енгізілді.
«Қазавтожол» өңірлік бөлімшелерінің мәліметінше, алдағы сағаттарда республикалық жолдарда да қар мен көктайғақ күтіледі.
«Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, барлық арнайы техника маршруттарда тұр. Водительдерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға және аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауға кеңес береміз», – деп жазылған хабарламада.