Қалада 128 сайлау учаскесі ашылды
12 қазан күні Семей қаласында әкім сайлауы басталды. Бұл – ел тарихындағы алғашқы жағдай, яғни алғаш рет өңір орталығының тұрғындары өз әкімін тікелей дауыс беру арқылы таңдап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Семейде таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскелері ашылды.
Қала аумағында 128 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр:
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сайлау комиссияларының құрамында 929 адам бар.
Қаладағы сайлаушылар саны – 220 761 адам.
Семей қаласының әкімі лауазымына үш үміткер ұсынылды:
Бұл сайлау — жергілікті өзін-өзі басқару реформасының нақты көрінісі. Бұған дейін облыс және аудан орталықтарындағы әкімдер президенттің келісімімен тағайындалса, енді тұрғындардың тікелей таңдауы шешуші рөл атқарады.