Көлігінде өзінен басқа ешкім болмаған
Жаңаөзен қаласында Hyundai Tucson автокөлігі апатқа ұшырады. Рульде отырған әйел көлікті басқара алмай, салдарынан кроссовер аударылып қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 33 жастағы жүргізуші жеңіл жарақат алып, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылған.
Медициналық тексеру нәтижесінде әйелдің жол апаты кезінде мас болмағаны анықталды.
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік шара қолданылады. Құқық бұзушылықтың нақты бабы оның ауруханадан шыққаннан кейін сот шешімімен белгіленеді.
Көлікте жолаушылар болмаған.