«Шымбұлаққа» шыққан қытайлық турист құлап, арқасынан жарақат алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол 3 мың метр биікке көтерілген

Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарушылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты маңында болған. Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы шамамен 3000 метр биіктен таудан түсу кезінде арқасынан жарақат алып, өздігінен қозғала алмай қалған.

«Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші тобы дереу аттанды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Туристке қалай көмек көрсетілді

Құтқарушылар канат жолы арқылы оқиға орнына көтеріліп, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Одан кейін ТЖМ қызметкерлер әйел адамды төмен түсіріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды.