Жаңбырдың соңы ылғалды қарға ұласып, автокөлік жолдарына мұз қатады деп күтілуде
Қараша айы Қазақстанда күннің суытуымен басталады дейді «Қазгидромет» синоптиктері. Республиканың басым аумағындап жауын жауып, екпінді жел тұрады.
31 қазаннан бастап Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжыған кезекті циклон Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аумағына келіп жетеді.
«Циклон және фронттардың шығыс бағытына жылжуына қарай жаңбыр және жылысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республика өңірлерін де қамтиды. Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған аномальды жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп күтілуде», - делінген аталған хабарламада.