$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтық әрекеттің құрбаны болған алматылыққа 1,5 млн теңге қайтарылды

Аударым фактісі түбіртектермен және банк құжаттарымен расталған

Алаяқтық әрекеттің құрбаны болған алматылыққа 1,5 млн теңге қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Алматының Наурызбай аудандық сотында негізсіз баюға қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдардың қызметкеріміз деп танысқан

Сотта талап қоюшы телефон арқылы жасалған алаяқтық сызбаның құрбаны болғаны анықталды.

«Бөтен адамдар өздерін мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, талап қоюшының қаражатын сақтау мақсатында 1,5 миллион теңге аударуға көндірген», - деп жазылған хабарламада.

Кейнірек бұл ақша ешқандай келісімшарт жасалмаған жауапкердің шотына аударылғаны белгілі болды.

Сот қаражатты қайтаруды міндеттеді

Аударым фактісі түбіртектермен және банк құжаттарымен расталған. Жауапкер сотта қаражатты заңды түрде алғанын дәлелдейтін ешқандай дәлел ұсынбаған.

«Сот жауапкердің қаражатты ұстап қалуына құқықтық негіздің болмағанын ескере отырып, талап қоюшының  пайдасына 1,5 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды», - деп толықтырды сот.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Серіктес жаңалықтары