ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялап, әйелдің ар-намысына тиді

Талапкер аталған бейнетүсірілімге және өзінің бейнесін жариялауға ешқандай келісім бермеген

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялап, әйелдің ар-намысына тиді
Фото: pixabay

Қарағандылық әйел өзі жайлы видео мен әдепсіз аудиожазбаны әлеуметтік желіде жариялаған ер адамды сотқа берді. Сот жазбаны адамның ар-намысына тиеді деп танып, жауапкерді 200 000 теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді

Соттың мәліметінше 2024 жылдың қараша айында жауапкер А. әлеуметтік желілерде талапкер В. бейнеленген видеоны жариялаған, сондай-ақ оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әдепсіз сипаттағы аудиожазбаны орналастырған.

«Бірінші сатыдағы соттың шешімімен В.-ның талаптары ішінара қанағаттандырылды, оның бейнесі көрініс тапқан бейнежазба шындыққа сәйкес келмейді және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп танылды», - деп жазылған хабарламада.

Сот жауапкерге бейнежазбаны алып тастауды және талапкердің пайдасына 200 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді, сот шығындарын өтеуді міндеттеді.

Оқиға қалай болды

2024 жылдың қараша айында жауапкер сыныптастарымен бірге рестобардағы кездесуде болып, сыртқа  шыққан кезде талапкерді сыртынан видеоға түсіріп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әдепсіз сипаттағы аудиожазбаны қосып, әлеуметтік желілерде жариялаған. Талапкер аталған бейнетүсірілімге және өзінің бейнесін жариялауға ешқандай келісім бермеген.

«2025 жылдың 20 мамырындағы апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды және ол заңды күшіне енді», - дейді соттың баспасөз қызметі.

Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабының 1-тармағына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтынын ескертті.  

Серіктес жаңалықтары