$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда самокат мінген ер адам көлік жүргізушісінің бетіне бұрыш балонын шашып жіберді (ВИДЕО)

Жанжалдасқандардың кім екені анықталды

Алматыда самокат мінген ер адам көлік жүргізушісінің бетіне бұрыш балонын шашып жіберді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда автокөлік жүргізушісі мен самокат мінген ер адамның арасындағы жанжал бұрыш баллонын қолданумен аяқталды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода көлік жүргізушісі мен электросамокаттағы ер адамның арасындағы жанжал байқалады. Жазба авторларының айтуынша, оқиға Алматыда көлік бұрылысы кезінде болған.

«Жанжалдың қызған сәтінде самокат мінген ер адам бұрыш баллонын шығарып, жүргізушінің бетіне шашып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған», – делінген хабарламада.

Алматы қалалық Полиция департаменті мұндай жағдайлардың заң аясында шешілуі керектігін ескертті.

«Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жанжалдасқандарды анықтады. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері агенттікке берген түсініктемесінде.

Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов жолдағы агрессия көріністеріне жол берілмейтінін атап өтті.

«Жолда қандай да бір агрессия мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілмейді. Алматы полициясы барлық көлік түрін пайдаланушыларды – көлік жүргізушілерінен бастап самокат мінушілерге дейін өзара сыйластық пен жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады», – деді Аханов.

Серіктес жаңалықтары