10 қазанға арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Қазақстанның басым бөлігінде 10 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс пен солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы ел бойынша +12…+20°С аралығында жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана мен Ақмола облысында күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде -1…+2°С, күндіз +13…+15°С. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында күн жылы. Павлодар мен Қарағанды өңірлерінде де жауын-шашынсыз, түнде 2–4°С суық, күндіз +7…+11°С шамасында.
Шығыс өңірлерде – Өскемен мен Семейде жауын-шашынсыз, түнде -3°С дейін салқын, күндіз +5…+7°С жылы.
Жезқазғанда күн ашық, +15…+17°С.
Оңтүстік пен батыста ауа райы жылы әрі жайлы болады. Шымкент пен Түркістанда күн ашық, +23…+25°С. Таразда +16…+18°С, Қызылорда облысында күндіз шаңды жел тұрып, ауа +18…+20°С дейін көтеріледі.
Атырау мен Оралда ауа +20°С шамасында, Ақтау мен Ақтөбеде күн ашық, +22…+24°С дейін жылы.
Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында жауын-шашынсыз, түнде -4°С дейін суытады, күндіз +14…+18°С жылы.