Құтқарушылар 21 адамды эвакуациялады
Абай облысының Курчатов қаласындағы Абай көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Барлау және өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері 21 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.