Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған
Ақтауда 32А шағын ауданында жол апатынан кейін өртенген көліктің ішінде қалып қойып, жарақат алған ер адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен жолаушы – 1991 жылы туған ер адам. Ол травматологтар мен нейрохирургтардың толық тексеруінен өткен.
Диагностика нәтижесінде науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған.
Айта кетерлігі, 7 қазан күні кешкі уақытта болған жол апатынан кейінгі өртті сөндіру сәті түсірілген видео тараған еді. Оқиға салдарынан Hyundai Tucson көлігінің иесі және үш жолаушы зардап шекті.