$ 541.54  629.16  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда екі жүргізуші сөзге келіп, артынша бірі екіншісінің көлігін әдейі соғып кетті (ВИДЕО)

Оралда екі жүргізуші арасындағы жанжал қақтығыспен аяқталды

Оралда екі жүргізуші сөзге келіп, артынша бірі екіншісінің көлігін әдейі соғып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбада болған жағдай тұрғын үй ауласында өрбігені көрінеді: алдыңғы әйнегі сынған жол талғамайтын көлік артқа қарай жылдам қозғалып, екінші көліктің алдыңғы бөлігіне соғылады. Бұл сәтті сырттай бақылап тұрған адамдар аң-таң күйде қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілер арасындағы дау кілт жасайтын шеберге кезекке байланысты туындаған болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның тұрғын үй ауласында болғанын растады.

«Оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталып, дереу полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомство өкілдері агенттікке берген түсініктемесінде.

Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Серіктес жаңалықтары