$ 541.54  629.16  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында мал ұрлығы 30 пайызға азайды

Прокуратура мәлімдеме жасады

Ұлытау облысында мал ұрлығы 30 пайызға азайды
Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мал ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдауда. Нәтижесінде өңірде мал ұрлығы 30 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы мал ұрлығын азайту және алдын алу мақсатында барлық мүдделі органдардың қызметін үйлестіруге бағытталған жол картасын жүзеге асыруда.

Жол картасы аясында полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеп, олардың ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында кінәлары дәлелденіп, сот үкімімен жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл облыс аумағында мал ұрлығы 30 пайызға азайған.

Прокуратура өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы қылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары