Полиция департаменті ескерту жасады
ШҚО Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін деген жалған хабарламалардың жаппай таратылып жатқаны туралы ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай хабарламалар мессенджерлер арқылы немесе электронды поштаға келеді. Онда жеке деректеріңіз, көлік нөмірі, жалған айыппұлды төлеуге арналған сілтеме көрсетіледі.
«Шын мәнінде, бұл – фишингтік шабуыл. Сілтеме бойынша өтіп, банк картаңыздың деректерін енгізу – алаяқтарға сіздің шотыңызға қол жеткізуге тікелей мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сілтемелер зиянды бағдарламалар арқылы жеке ақпаратыңызды ұрлауы әбден мүмкін», – дейді Полиция департаменті.
Егер сізге 1414 нөмірінен сілтемесі бар хабарлама келсе – оған өтпеңіз Бұл – алаяқтық.