$ 541.54  629.16  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында қария сот арқылы еңбек өтілін дәлелдеп, зейнетақысын көбейтіп алды

Ол еңбек кітапшасы жоғалғандықтан жұмыс өтілін дәлелдей алмаған

Жамбыл облысында қария сот арқылы еңбек өтілін дәлелдеп, зейнетақысын көбейтіп алды
Фото: freepik.com/seventyfour

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, азамат өзінің 10 жылдық еңбек өтілін сот арқылы дәлелдеп, зейнетақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек кітапшасы жоғалғандықтан минималды зейнетақы алған

Мойынқұм аудандық сотында ер адамның еңбек өтілін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.
Белгілі болғандай, еңбек кітапшасы жоғалғандықтан, оған тек ең төменгі зейнетақы тағайындалған. Нәтижесінде ол 1988-1998 жылдар аралығында «ПКМ-2006» мекемесінде істеген 10 жылдық жұмыс өтілі есепке алынбаған.

Сотта куәлардың айғақтары мен анықтамалар ұсынылды

Зейнеткер уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенімен, нәтижеге қол жеткізе алмаған. Сондықтан ол сот арқылы еңбек өтілін ресми түрде растауды сұрады.

Сот отырысында оның уәждері куәлардың айғақтарымен және ұсынылған анықтамалармен дәлелденді. «ПКМ-2006» мекемесі қазір таратылғандықтан, басқа ресми дереккөз болмаған.

Шешім заңды күшіне енді

Сот азаматтың 1988-1998 жылдары аталған мекемеде жұмыс істегенін заңды түрде растап, оның өтінішін толық қанағаттандырды.

Бұл шешім азаматқа зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары