«Досының тойына барған»: Тамара Асардың өгей ұлы неден көз жұмғаны белгілі блды

Автор: Аягөз Құрмаш

Оны Ақтөбеде көлік қағып кеткен

Фото: https://www.instagram.com/madi_ihtilyapov/

Тамара Асардың күйеуі Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішердің қазасының себебі  жайлы продюсер Жан Мұқанов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жігітті жерледі. Жиырма екіде еді. Алда тұтас өмір күтіп тұрған. 8 қараша күні Қостанай қаласында Жұмаштың ұлы Әлішердің қазасына 40 күн толады. Әлішер Тамара Асардың биологиялық баласы болмаса да, жылдар бойы оған шын мәнінде туғанындай болып кеткен. Ол олардың ұлы және олардың кішкентай қызы Ажарға аға. Көп адам оның қалай қаза тапқанын сұрап жатыр. Оны Ақтөбе қаласында көлік қағып кеткен. Ол досының тойына барған», - дейді продюсер.

Еске салсақ, танымал әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішер мезгілсіз дүниеден өткенін Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімі хабарлаған еді.