Ол жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан
Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 7 қазан күні сағат 17:20 шамасында Әуезов ауданында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қарсы қозғалыс жолағымен келе жатып, Береговой көшесімен қиылысқан тұста жаяу жүргіншіні қағып өткен.
2009 жылы туған жасөспірім жол апаты салдарынан жарақат алып, балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.