Синоптиктер ескерту жариялады
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 8 қазанда, еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс – зиянды қоспалардың ауада жиналып, таралмай қалуына әсер ететін метеорологиялық жағдайлардың үйлесуімен байланысты.
«2025 жылғы 8 қазанда қолайсыз метеожағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай қаласында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) деген не және ол неліктен қауіпті?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл мынадай сияқты ауа райы құбылыстары:
Мұндай жағдайда зиянды заттар ауада таралмай, төменгі қабаттарда жиналып қалады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша төмендеп, әсіресе өнеркәсіптік аймақтар мен тығыз қоныстанған жерлерде экологиялық ахуал нашарлауы мүмкін.