Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті.