$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бекет атаға» барар жолдағы апат: кінәлі жүргізуші ауруханадан шыққан соң қамауға алынды

Жол апатынан 10 адам қаза болды

«Бекет атаға» барар жолдағы апат: кінәлі жүргізуші ауруханадан шыққан соң қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында Бекет ата кесенесіне бара жатқан жолда болған апатқа қатысты тың мәлімет жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шықты

Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген үш науқас бүгінде емделіп шыққан.

Олардың екеуі санитарлық авиация арқылы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына, кейін Астана қаласындағы клиникаға жөнелтілген.

Кінәлі жүргізуші қамауға алынды

Үшінші зардап шеккен адам операциядан кейін ауруханадан шығарылған соң, оны тергеу изоляторының қызметкерлері алып кеткен. Полиция департаменті ол адамның көлік жүргізушісі екенін растады.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр

Құқық қорғау органдары апаттың барлық себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл оқиға соңғы жылдары өңір жолдарында болған ең ауыр апаттардың бірі ретінде тіркелді.

Еске салайық, қайғылы оқиға қыркүйек айының ортасында болған. Жол апатынан 10 адам қаза тапқан. Барлығы – көршілес өңірлерден келген туристер, олар Бекет ата жерасты мешітіне бара жатқан.

Серіктес жаңалықтары