Көлік жүргізушілеріне ережелерді сақтау ұсынылады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 6 қазанда республикалық маңызы бар автожолдардағы ауа райы болжамын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖолдың» дерегінше, Ақмола, Павлодар және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.
Компания қызметкерлері жүргізушілерге жолда абай болуды және жылдамдықты шектен асырмауды ескертті, әсіресе көктайғақ болуы мүмкін жол учаскелерінде сақ жүруге шақырды.
Ұлттық компания температураның төмендеуі мен жауын-шашынның түсуі көрінуді қиындатып, жолдың тайғанақ болуына әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Осыған байланысты автокөлік жүргізушілеріне келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
Республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат алу үшін жүргізушілер 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталыққа хабарласа алады.