Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде магнитудасы 5,9 баллдық жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің эпицентрі 465 км жерде орналасқан

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 қазанда Астана қаласы бойынша уақыт бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі 465 км жерде орналасқан. Қырғызстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
- Эпицентр координаттары 42.270º с.е. 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3, Магнитуда MPV 5.9.
Сезімталдығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):
Есептік қарқындылық (балмен):
- Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 4 б.
- Жамбыл облысы Тараз қаласы 4 б.
- Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 4 б.
- Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 4 б.
- Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 4 б.
- Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 3 б.
- Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 б.
- Түркістан облысы, Манкент ауылы, 3 б.
- Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 3 б.
- Т. Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 3 б.
- Шымкент қ. 3 б.
- Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 3 б.
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 3 б.
- Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 3 б.
- Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 3 б.
- Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 б.
- Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 б.
- Түркістан облысы Арыс қаласы 2 б.
- Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 б.
- Жамбыл облысы Шу қаласы 2 б.
- Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 б.
- Жамбыл облысы Шу ауданы Төле Би 2 б.
- Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 б.
- Жамбыл облысы, Мойынқұм ауд., Мойынқұм ауылы, 2 б.
- Түркістан облысы Кентау қаласы 2 б.
- Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 б.
- Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 б.
- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 б.
- Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 б.
- Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 б.
- Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 б.
«ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Өңірлердегі жағдай талқыланды.
ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірлермен тұрақты байланыста.
ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өтті», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ Командалық орталығында жер сілкінісінен кейінгі іс - қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.