Астанада ұялы телефон мен түрлі аксессуарлар сатылатын дүңгіршек түгі қалмай өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада Байқоңыр ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылында телефон аксессуарлары сатылатын киоск өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 шаршы метр аумақта ауыздықтады.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.