Жолда жеті адам, оның ішінде бір сәбидің өмірі құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысында күзгі тайғақ салдарынан бірнеше көлік жолда тұрып қалды. Құтқарушылар көмекке келіп, адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Azattyq RýhyТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Ұлан ауданында болған. Қатты көатайғақтың кесірінен бірнеше көлік қозғалысын жалғастыра алмай, трассада тұрып қалған.
«Ұлан ауданында құтқарушылар көктайғақ салдарынан жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті. Арнайы техника көмегімен үш көлік тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарылды. Көліктердің ішінде жеті адам болған, олардың арасында бір сәбидің де бар екені анықталды», – делінген ресми хабарламада.
Құтқарушылар төрт адамды жақын маңдағы елді мекенге жеткізген. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған.
Министрлік күзгі ауа райының құбылуына байланысты көлік иелеріне келесі ережелерді сақтауды еске салады:
ТЖМ мамандарының айтуынша, дәл осындай жағдайлар қазан-қараша айларында жиілейді. Сондықтан жүргізушілердің жауапкершілігі — өз қауіпсіздігін және жолаушылардың өмірін қорғаудың басты кепілі.