Павлодар облысында 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 787 ұрлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде:
- 155 – ұялы телефон,
- 146 – велосипед,
- 58 – пәтер ұрлығы,
- 41 – мал ұрлығы,
- 21 – автокөлік салонынан ұрлық,
- 5 – қалта ұрлығы.
Пәтер ұрлығының алдын алу жолдары
Полиция пәтер ұрыларына ұшырамас үшін тұрғындарға мынадай кеңес берді:
- Үйден шығарда терезелер мен есікті мұқият тексеріңіз.
- Сенімді құлып пен қауіпсіздік дабылдарын орнатыңыз.
- Кіреберіс есіктің кілтін жеңіл қолжетімді жерге қалдырмаңыз.
Жеке заттарды қорғау ережелері
- Бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына немесе сөмкенің ортасына салыңыз.
- Пластикалық картаның PIN кодын әмиянда сақтамаңыз.
- Бейтаныс адамдарға телефоныңызды бермеңіз.
- Ломбардтардан немесе базардан құжатсыз техника мен заттарды сатып алмаңыз.
Велосипед пен көлікті қауіпсіз сақтау
- Велосипед пен арбаны кіреберісте қараусыз қалдырмаңыз.
- Арнайы құлыптау құрылғыларын қолданыңыз.
- Көлікті кілтпен қоса қалдырмаңыз, есікті әрдайым жабыңыз.
- Құнды заттарды салонда қалдырмаңыз, көлікті күзет дабылымен жабдықтаңыз.
Мал ұрлығының алдын алу
- Мал басын есепке қойып, таңбалаңыз.
- Қораларды түнде мықтап бекітіңіз.
Жануарларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе жол маңында.