Тоқаев Германияның президентіне құттықтау жолдады

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.

Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.